Ernar Amandyq - Жарығым [текст песни, слова]

E / Ernar Amandyq 01/05/2026 => 09/11/2026
[Текст песни «Жарығым»]

[1й куплет]
Нұры бақыт шамының
Әдемі әуен, асыл сарыным
Өзіңсің, қылықтым, жарығым жарығым менің
Көңіліңді табуым
Ол мендегі сүю заңының
Қаруы, әдемім, сұлуым, аруым менің
Жарығым, жылуы жанымның өзіңсің емім

[припев]
Сен күлсең, құсым, Алатау ұшынан
Қары да еріп бастайды
Ай көркі сенен аспайды
Нұрын күн сендей шашпайды

Тіпті көктемде гүлдері бөктердің
Қауызын сенсіз ашпайды
Аспанда саған ұқсайды
Сүйетінімді бәрі растайды

[2й куплет]
Жарығым-ау, жанымыз жүрсін жарасып
Бағымызға қалсын төрткүл дүние таласып
Күннен-күнге тым әдемі боп барасың-ай, барасың-ай
Қырға біз барайық, дала гүлдерін жиып ап
Айға да барайық нұрынан ауыз тиіп ап
Сосын кетейік те, ерттеп мініп бұлттарды
Сезініп сол шақтарды жаным
Қалағаным менің осындай
Қалмашы бұл ойға қосылмай

[припев]
Сен күлсең, құсым, Алатау ұшынан
Қары да еріп бастайды
Ай көркі сенен аспайды
Нұрын күн сендей шашпайды

Тіпті көктемде гүлдері бөктердің
Қауызын сенсіз ашпайды
Аспанда саған ұқсайды
Сүйетінімді бәрі растайды

Для того, чтобы оставить в песне «Ernar Amandyq - Жарығым» ремарку к строчке, фразе или слову, либо сообщить об ошибке, выделите текст и нажмите «Ремарка/Ошибка». Отключить данную функцию можно включив режим «Чтение».


Исполнитель: E / Ernar Amandyq
Публикация: 01/05/2026
Последнее редактирование: 09/11/2026

Исправить текст

Популярное у Ernar Amandyq:

Комментарии 0